Қызылорда облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Қызылорда облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Фото: ТЖД-нен алынды
192
оқылды

Газ баллоны жарылып, үй жанып кетті. Өрт 31 қаңтарда түнде Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылында шыққан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Тұрғын үйде газ баллоны жарылған. Оқиға орнына Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінен 13 қызметкер 2 техника барды. Мамандар үйде 50 литрлік газ баллоны жарылғанын анықтады. Соның салдарынан үй қабырғасы құлап, үй толығымен жанған.
«Өрт сөндірушілер зардап шеккен тұрғындар көмек көрсетті. Өрт салдарынан 1965 жылғы азаматша, 1993 жылғы баласы мен келіні, 2020 жылғы сәбидің 17-25 пайыз шамасында денесі күйіп қалған. 2018 жылғы бала дәрігерлер бақылауынан кейін үйіне қайтарылды», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін Түркістан облысында қора өртеніп, шопан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.