Жуырда 30 градус аяз болады
Жуырда 30 градус аяз болады
Фото: astana.gov.kz

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне Сібір антициклоны әсер етеді. Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

5 ақпанда солтүстік-батыс циклоны батысқа қарай ойысып, боран соғады. Тұман түседі. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.

Қазақстанның өзге өңірінде күн жылы болады.