Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бақылауға алынуы керек – Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов
Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бақылауға алынуы керек  – Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов
356
оқылды

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов медициналық қалдықтарды жөнге салмауы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы мәжілісмен еліміздің Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында көтерді.

Д.Тұрғановтың айтуынша, медициналық қалдықтардың көбеюі, әсіресе, бүгінде коронавирус пандемиясы кезінде еліміз үшін өте өзекті. "Медициналық қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеу – халықтың жаппай инфекция жұқтыруына әкеледі. Бір рет қолданылатын шприцтерді, тамызғыштарды, таңғыштарды дұрыс дезинфекцияламауынан және медициналық мекемелердің қоқыс контейнері уақыты тазартылмауынан әртүрлі инфекциялардың пайда болып, таралу қаупін тудырады. – Медициналық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату қоршаған ортаға патогенді немесе улы ластаушы заттарды шығару арқылы жанама түрде денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Мысал ретінде Атыраудағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының артында қоршалған жеке аумақ бар. «Атамекен Эко» қоғамдық қорының бір топ табиғат қорғау белсенділері осыған байланысты үндеу де жариялаған. Өйткені Денсаулық сақтау және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері тарапынан жасалған шаралар жеткіліксіз. Атап айтсақ, сапасыз кәдеге жарату себептерінің бірі – аталған қызметтерді лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізбесінен алынады.  Алайда министрлік әлі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастама көтерген жоқ. Мұндай кәсіпорындарға Экологиялық кодекске сәйкес белгілі бір талаптар қойылуы керек. Бұл жинақтау шектеулері, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және арнайы қондырғылардың болуы. Бірақ бұ талаптар орындалып жатыр ма, оны кім бақылайды? Қайта өңдеу қызметін ұсынатын компанияларда мұндай қондырғылар бар ма және олар қажетті талаптарға сай ма? Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жазалар қаншалықты тиімді? – деді ол. Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, мәселені «қолмен басқару» режимінде шешу мүмкін емес – кешенді тәсіл қажет. Осыған байланысты мәжілісмен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысын бақылап, нақты стандарттар әзірлей отырып, қажетті құрал-жабдықтарды кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындарға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеу қажет деп санайды.