Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма «Тұңғыш президент — Елбасы туралы» конституциялық заңда жазылған.
Заң жобасында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.
Бұл ретте Қазақстанның бұрынғы президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.
Бұған дейін Елбасының бірқатар өкілеттігі тоқтатылғанын жазған болатынбыз.