Қаңтардағы тәртіпсіздіктен кейін құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 79 сотқа дейінгі тергеу басталды
Қаңтардағы тәртіпсіздіктен кейін құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 79 сотқа дейінгі тергеу басталды
© 24.kz
225
оқылды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қазақстандықтар тәртіп сақшыларының үстінен біраз шағым түсірді. Олардың айтуынша, полицейлер бейбіт тұрғындарды ұрып-соғып, жазықсыз қамауға алды. Осы ретте Azattyq Rýhy  Бас прокуратураға хат жолдап, аталған мәселеге қатысты деректерді сұратты.
Белгілі болғандай, қаңтарда болған жағдайдан бері тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу дерегі бойынша 190 шағым түскен екен.
«Бүгінде прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу əдістеріне жəне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің (оның ішінде полиция қызметкерлері) тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 190 шағым түсті. 31 арызда көрсетілген заң бұзушылықтар өз дəлелін таппады, 41-і бойынша тексерулер жалғасуда. Республика бойынша азаптау, билікті жəне лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілерімен барлығы 79 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде прокурорлар процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жəне қылмыстық істерді объективті тергеу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.