«Карточканы әйелім ұстайды, етті ауылдан жібереді» – депутаттар қанша жалақы алады?
«Карточканы әйелім ұстайды, етті ауылдан жібереді» – депутаттар қанша жалақы алады?
Фото: КТК арнасының сюжетінен скриншот
238
оқылды

Жуырда Президент пәрменінен кейін Үкімет басшысы шенеуніктердің жалақысын өсіруге тыйым салатын қаулы қабылдады. Енді депутаттардың айлығы өспейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Министрлердің жалақысы 900 мыңнан басталады. Депутаттар 600 мың теңгеден жоғары жалақы алады.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров: «Көппен көрген ұлы той» деген қазақтың жақсы бір мақалы бар ғой. Сондай принцип болуы керек. Әйелім алады, карточка сонда. 650, 630 мың теңге қолына алады. Ет ауылдан, туыстарымыздан келеді, сонда бір 170-200 мың теңгедей кететін шығар», – дейді.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бұрын мұндай жалақы алып көрмегенін айтты.
«Бұған дейін мен мұндай айлық алған емеспін. Сол себепті, қазіргі айлық тиімді. 600 мың теңге шамасында қаражат аламын. Шамамен 150 мың теңгедей азық-түлігімізге кетеді. Өйткені көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді», – дейді ол.
Шенеуніктердің жалақысы өспегенімен, мемлекеттік мерекелерде сыйақы алады. Ал әкімдерге бюджеттен тәжірибесіне қарай екі миллион теңгеге дейін айлық төленеді. Мәселен, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басшылары жоғары жалақы алады. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдерінің бір айлық жалақысы миллион теңгеге жуық.

Бұған дейін жұмыссыз қалған маңғыстаулық мұнайшылар Президенттен араша сұрағанын хабарлаған болатынбыз.