Еңбек дауы: мұнайшылар Президенттен араша сұрады – видео
Еңбек дауы: мұнайшылар Президенттен араша сұрады – видео
Фото: видеодан скриншот
353
оқылды

Маңғыстау облысында мұнайшылар еңбек дауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, видеоүндеу жолдады, – деп жазады Lada.kz. 

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жұмысшылары қысқартуға қатысты мәселе шешімін тапса деген талабын айтып отыр. Жұмысшылардың айтуынша, компанияда жаппай қысқарту жүргізіліп, жұмыссыз қалғандар көбейген.

«Бізді әуел баста мәжбүрлеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берген болатын. Амалымыз таусылған соң осы шартқа келісім бердік. Бірақ компания басшысы уәдесінде тұрмады», – дейді жұмысшылар.

Бұған дейін де Маңғыстауда мұнайшылар бірнеше рет митинг өткізген еді.