Бейжің Олимпиадасы: керлингтен іріктеу кезеңдері басталды
Бейжің Олимпиадасы: керлингтен іріктеу кезеңдері басталды
163
оқылды

Бүгін Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды.

2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті. Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.
Керлингтен дабл-микст бойынша 10 құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң 4 үздік команда жартылай финалға жолдама алады.
Финал және қола медаль үшін аталған спорт түрінен спорттық жарыс 8 ақпанға жоспарланған.