Обамеянг «Барселона» ойыншысы атанды
Обамеянг «Барселона» ойыншысы атанды
208
оқылды

Габондық шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг «Барселонамен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы каталондық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін «Арсенал» шабуылшымен келісімшартты тараптардың өзара мәмілесі бойынша бұзғанын хабарлаған болатын. Сәйкесінше, шабуылшы каталондық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Обамеянгтың «Барселонамен» келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. Ал өтемақы сомасы 100 миллион еуроны құрайды.
– Әлемдегі үздік клубтардың біріне келгеніме қуаныштымын. Алаңға шығар сәтті тағатсыздана күтудемін. Мен үшін «Барселона» сапында өнер көрсету үлкен мәртебе. Сондықтан каталондық клубпен келісімшартқа отырдым. Тәжірибем жеткілікті, Германияда, Францияда, Англияда ойнадым. Сондықтан мұнда барымды салып, командаға барынша көмектесу үшін келдім, – деді Обамеянг.

Габондық шабуылшы «Арсенал» сапында осы маусымда Премьер-лигада 14 ойынға қатысып, 4 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.