Ұлттық банк төрағасы болып Ғалымжан Пірматов тағайындалды.
Ғалымжан Олжайұлы Пірматов 1972 жылы туған.
Новосібір мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша математик.
«Қазақстан халық банкі» АҚ-да қызмет етті.
«БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2015-2017 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.
2018-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласына әкім болды.