Астанада ер адам автокөліктердің нөмірін шешіп алып, көлік иесінен ақша талап еткен, – деп жазады рolisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны шағымданған. Байсейітов көшесінде белгісіз біреу оның Huyndai Elantra автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап кеткеніне арызданды.
Полицейлер алаяқты ұстады. Оның бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.
Ол нөмірді шешіп алып, автокөлікке мемлекеттік нөмірді қалай қайтарып алуға болатыны туралы жазба мен Telegram каналға сілтеме қалдырған. Содан кейін күдікті көлік иелерінен хабар күткен.
Өз «қызметі» үшін ол 10 мың теңге сұраған. Ұрыдан 8 адам зардап шеккен. Қылмыстық іс қозғалды.