Егін егіп, астық жинайтын уақытта мұнай өңдеу зауыттарын жөндемейміз – Энергетика министрі
Егін егіп, астық жинайтын уақытта мұнай өңдеу зауыттарын жөндемейміз – Энергетика министрі
Фото: news.myseldon.com
240
оқылды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жиын-терім уақытында мұнай өңдеу зауыттарын жөндеуді кейнге қалдыратын болды, - деп жазады inform.kz.

«Мұнай өңдеу зауытттарының жөндеу мерзімін ауылшаруашылық тауар өндірушілерге дизель отынын жөнелту кезеңімен үйлестіреміз. Дизель отынын аймақтарға жөнелту биыл ақпан айынан басталады. Бұл көбінесе оңтүстік өңірлерге қатысты. Жыл сайын бұл мақсатқа 800-850 мың тонна бөлу жоспарланған. Бұл егіс егу және орақ науқанына арналады», – деді Болат Ақшолақов.
Жанармай тапшылығын болдырмау үшін биыл екі зауытты жөндеу мерзімі кейінге  шегеріледі.
«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеу мерзімін 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылға жылжыту мәселесі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал Павлордадағы зауытты жөндеу мерзімін биылғы маусым айынан шілденің ортасына ауыстыру көзделіп отыр. Зауыттар көктемгі егіс науқаны аяқталғаннан кейін ғана жөнделуі тиіс», – деді министр.

Бұған дейін газ бағасы қымбаттаған соң, наразылыққа шыққан ақтаулықтарға «автобуспен жүр» деген Олжас Байділдинов қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.