Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
© tengrinews.kz
202
оқылды

Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорғаннан 7 шақырым жердегі Еңбек ауылында болған. Қайтыс болған төрт адам бір отбасының мүшелері, – деп хабарлайды Экспресс К. Марқұмдардың денесін жергілікті тұрғындар тауып алған.
"2 ақпан күні полициядан Еңбек ауылынан төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, көз жұмған 4 адамның екеуі бала. Алдын ала болжам бойынша, бұл кісілер 2-3 күн бұрын қайтыс болған", – деді Алматы облысы ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бұған дейін Шымкентте бір отбасының 3 мүшесі өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.