Фристайл-могулдан алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды
Фристайл-могулдан алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды
147
оқылды
Бейжің Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулдан ерлер және әйелдер арасындағы іріктеу жарысы аяқталды. Бірінші іріктеу айналымында қазақстандық спортшылар алғаш­қы ондыққа енген жоқ. Ерлер арасында бақ сынаған Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алды. Павел Колмаков 74.09 ұпай­мен 17-орыннан көрінді. Екі спорт­шы­мыз да іріктеу кезеңінің екінші айналымында сынға түседі. Сондай-ақ фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсе­кесі де өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының атынан жарыс жо­лына шыққан Олеся Граур 57.18 ұпаймен 23-орынға тұрақтаса, Аяулым Әміренова 66.82 ұпаймен 16-орынға жайғасты. Ал Анастасия Городко жарысты аяқтай алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енген могулшылар фи­нал­ға бірден жолдама алады.

А.ЖАСАНҰЛЫ