Алдағы Олимпиадаға енетін спорт түрлері талқыланды
Алдағы Олимпиадаға енетін спорт түрлері талқыланды
471
оқылды
Халықаралық олимпиада­лық комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына енуі мүмкін спорт түрлерін атады. Бұл шешім ХОК сессия­сында айтылды. Жазғы Олимпиада бағдарлама­сына енген 28 спорт түріне скейтбординг, серфинг, спорттық құзға өрмелеу бар. Бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайысқа байланысты нақты ше­шім қабылданған жоқ. Халықаралық федерациялар олимпиадалық бағ­дар­ламадағы орнын сақтап қалу үшін реформаларды аяқтау қажет. 2023 жылы ұйымдастыру комитеті Лос-Анджелестегі Олимпиада бағдарламасына енетін қосымша спорт түрлерін ұсынуы мүмкін. Ойын бағдарламасына қатысты соң­ғы шешім 2024 жылдың желтоқ­санында қабылданады.

Әбілмансұр ЖАСАН