Қасымхан Алпысбайұлы 1977 жылдың 21 қазанында Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүние келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде санитариялық дәрігер болып жұмыс жасаған.
2009-2014 жылдары Алматы қаласының Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып істеген.
2014 жылдан бері Алматы қаласының Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болған.
«Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» наградасы және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.