Шымкентте баласын сатқан көпбалалы әйел сотталды
Шымкентте баласын сатқан көпбалалы әйел сотталды
Фото: sputnik.kz
152
оқылды

Шымкентте 1 жарым жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болғанын танысына айтқан. Полицейлер баланы «сатып алмақ болып» мәселенің себебін анықтады. Көпбалалы ана «сатып алушыларды» баланы көру үшін үйіне шақырған.
Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов: «Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген. Ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған», – деп мәлімдеді.

Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарған. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.