Президент бастамасымен ашылған «Қазақстан халқына» қорының сайты іске қосылды.
Көмекке мұқтаж жандар «Қазақстан халқына» қорына сайты арқылы өтініш бере алады.
www.qazaqstanhalqyna.kz сайты арқылы азаматтар қорға түскен қаржы, жұмсалған шығын, жобаның жаңалықтарымен, қаржылық есеп-қисапты біліп отырады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударған танымал кәсіпкерлерге алғыс айтып, қаржы аудармаған ірі кәсіпкерлерді сынға алған еді.
«Қазақстан халқына» қорына қаражат аударған кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Бұл әрекеттеріңізбен сіздер еліміздегі қайырымдылыққа мұқтаж жандарға қатысты азаматтық жауапкершілік танытып жатыр.
Сонымен бірге, олигополияның құрамына кіретін және тіпті оның бет-бейнесіне айналған бизнестегі кейбір танымал адамдар Мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асығатын емес. Бұл не: ашкөздік пе, нигилизм бе, әдепсіздік немесе немқұрайлылық па?
Қалай болғанда да, мемлекет бұл сұраққа толық жауап алу үшін қажетті барлық өкілеттіктерге ие. Өз тарапымнан ірі бизнестің қайырымдылық процесін реттейтін арнайы Жарлық шығаруды жоспарлап отырмын», – деді Мемлекет басшысы.