Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
© stan.kz
185
оқылды
«Қазгидромет» РМК 5-7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы күтіледі — жауын-шашын, солтүстік, орталық өңірлерде қар түрінде көктайғақ, тұман, екпінді жел мен жаяу бұрқасын болжанады. Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 8 аяз – 2 жылудан 0-15 аязға дейін, күндіз 5 аяз – 3 жылудан 10 аяз – 3 жылуға дейін, елдің солтүстік-батысында түнде 3-16-дан 7-18 аязға дейін, күндіз 0-10-нан 2-13 аязға дейін. Ал Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының негізгі бағыты 0 түнде 7-20 аяз, күндіз 2-10 аяз болады», – делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК орталық пен шығыста ауа райы қандай болатынын жариялады.
«Орталық пен еліміздің шығысында болса, ауа температурасының көтерілуі күтілуде: түнде 10-30-дан 5-28-ге дейін аяз, күндіз 0-13-тен 8-ге дейін аяз, ал республиканың оңтүстік-шығысында түнде 3-11-ден 6-ға дейін аяз, күндіз 0-10-нан температураның ауытқуы, таулы аудандарда 3-8 аяз, 3-12-ге дейін жылу, таулы аудандарда 1-6 аяз. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының ауытқуы болжанады: түнде 3-11 аяздан 5 аяз – 5 жылу, күндіз 1 аяз – 13 жылудан 3 аяз – 5 жылуға дейін», – деп хабарлайды «Қазгидромет».