Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар егіз балалар көз жұмды
Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар егіз балалар көз жұмды
© elements.envato.com
200
оқылды
Өрт үйдің 8 шаршы метр аумағын қамтыған, өрт орнынан екі баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
"Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі де иіс тиіп уланып қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған. ТЖД мамандарының болжамы бойынша, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан. Бұған дейін Алматы облысында ерлі-зайыптылар 2 баласымен үйінен өлі табылғанын жазған болатынбыз.