Алматы облысында бір дәмханадан 18 адам уланып қалды
Алматы облысында бір дәмханадан 18 адам уланып қалды
Фото: almaty.tv
189
оқылды
Алматы облысында бір дәмханадан 18 адам уланып қалды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Бесағаш ауылындағы кафеге барғаннан кейін зардап шеккендердің денсаулығына қатысты шағым түскені анықталды.
"Қазір ауруханаға медициналық көмек алу үшін 18 азамат жүгінді, олардың арасында балалар да бар. Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған өнімдер тәркіленді. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылданады", - деді полиция қызметкері.