Дүкендер желісінің күзет қызметі бейнебақылау камерасындағы барлық жазбаны жинап, құқық қорғау органдарына ұсынды. Дүкенді тонауға келгендердің көпшілігі мас болған, олар азық-түлікті өзімен бірге алып кетпеген, сол жерде ішіп-жеген.
Полиция департаменті қызметкерлері дүкендерде бөтелкелерде, қаптама секілді заттарда қалған саусақ іздерін жинады.
"Кей күдіктілер қазірдің өзінде келіп, залалды өз еркімен өтеп жатыр. Олар мұның сотта еленгенін қалайды", - деді Дмитрий Шишкин.
Тонаушылардың көбі ұсталды. Ойрандауға қатысқан күдіктілерді көбірек анықтау үшін тергеушілер толағай жұмыс атқаруы керек.
https://youtu.be/0mSjeyshubY Қаңтардың 4-нен 5-іне қараған түні басталған жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан Алматы экономикасы едәуір зардап шекті. Жалпы, ел аумағындағы бизнес нысандарына келген зардаптың 90 пайызға жуығы осы мегаполиске тиесілі.