Бейжіңдегі ең стильді форма
Бейжіңдегі ең стильді форма
151
оқылды
Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлет­тердің эпикировкасы да бар. «Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады», – деп атап өткен Халықаралық Олимпиада комитеті. Сондай-ақ ХОК Forbes жур­налы­ның пікірін де еске салды. Олар қазақстандық спортшы­лар­дың эпикировкасын сәнді киімдер қатарына енгізген. Айта кетелік, америкалық басылым Қазақстан­ның олимпиадалық формасын ең стильді эпикировкалар қатарына енгізген болатын. Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қос­ты. Халықаралық Олимпиада ко­ми­теті Қазақстанмен қатар АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашы­ларының образын да ерекше атап өткен.

А.ЖАСАНҰЛЫ