Мұрат Қабденов Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
Мұрат Қабденов Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
294
оқылды
Түркістан облыстық Полиция департаменті басшысы болып Мұрат Қабденов тағайындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Мұрат Қабденов тағайындалды", - делінген хабарламада.
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға жаңа полиция бастығын Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде таныстырды. Мұрат Қабденов құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ІІД, ІІМ Әкімшілік полиция комитетін басқарды, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Кейінгі жылдары ІІМ көші-қон қызметі комитетін басқарды.