Синоптиктер бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты шығыстан батысқа ауысады, облыстың орталығында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. 06-07 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қ: күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: кей уақытта көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда күші 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Шымкентте күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.