«Алкоголь алып кетейін»: қожайын мен мародердің сөйлескен  видеосы тарады
«Алкоголь алып кетейін»: қожайын мен мародердің сөйлескен  видеосы тарады
Фото: ktk.kz
270
оқылды
«Қаңтар оқиғасы» кезінде бірнеше дүкен, сауда үйлері тоналғаны белгілі. Желіде шағын мейрамханада сөйлескен жастардың видеосы тарады. Оның бірі өзін қожайындардың бірімін деп таныстырады. Ал онымен сөйлескен жігіттің осы жерден алкоголь алғанын және тағы алып кеткісі келетінін қысылмай айтып тұрғанына қарап мародер екенін білуге болады. Екеуінің арасындағы диалог төмендегіше өрбіген: – Жігіттер, қазақпыз ғой, жүріңдер, шығайық.
  • Мұнда неге жүрсіңдер, намаз оқиын деп жатырсың ба?
  • Не істемексіңдер, жігіттер?
  • Инстаграмға... Бұл менің инстаграмым. Мен мұнда қожайындардың бірімін.
  • Қазір жариялайын деп тұрсың ба?
  • Жоқ, жарияламаймын...
  • ...Тұра тұр, алкоголь алып кетейін.
  • Неге?
  • Біз онсыз да алдық қой.
  • Болды, алдыңдар ғой. Шығайық, жақсы ма?
  • Мен тағы да аламын.
  • Көшеге шығып сөйлесейік. Көп екенбіз.
  • Сен қазақсың ба, неге...?
  • Иә. Тіл тигізудің қажеті жоқ.
https://www.youtube.com/embed/QCrORT0Mdbg Видеодағы мародер  жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗды басып алған Павлодар облысы Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны полицейлер қаңтардың 10-ы күні ұстаған болатын.