Көкшетауда 14 жастағы оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Көкшетауда 14 жастағы оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
© Ақмола облысы ПД
254
оқылды
Көкшетау қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 6 ақпан күні 39 жастағы әйел арызданып, оқушы қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. Сол күні кешкі алтыда үйінен шыққан қыз қайта оралмаған және байланысқа шықпаған. Полиция қазір қаланың бар аумағынан іздестіріп жатыр. Алайда 14 жастағы жеткіншекті көрген-білгендер жоқ. Үйден шыққанда оның үстінде қызыл түсті куртка, қара-сұр түсті бас киім, көк түсті джинсы шалбар, қара түсті аяқкиім және қызыл жұлдызы бар рюкзак асынған. Полицейлер фотосуреттегі қызды көрген-білгендер болса 8(7162) 29-93-72, 8-701-489-51-01, 8-775-192-10-50 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.