Қарағанды облысында полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарлардың 844 мүйізін тәркіледі, – деп жазады polisia.kz.
Полицейлерге мүйіз сатумен айналысатын топ туралы ақпарат түскен.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин: «Полицейлер 5 ақпан күні Жаңаарқада 29 жастағы азаматтың көлігін тоқтатты. Көлікті тексергенде 844 мүйіз тәркіленді. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның екі сыбайласы анықталып, ұсталды», – деді.
Қылмыстық кодекстің 339-1-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.
https://youtu.be/PDrpanLx_Z8
Бұған дейін Тоқаев 3 мыңға жуық киікті өлтірген браконьерлер жазаға тартылуы тиіс деген еді.