Талдыкөлде экопарк ашу үшін миллиард теңге бөлінеді
Талдыкөлде экопарк ашу үшін миллиард теңге бөлінеді
Фото: sputnik.kz
196
оқылды

Астанадағы Талдыкөлде экопарк ашылатын болды. Көл маңайын саябаққа айналдыру үшін 1 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Былтыр экобелсенділер Талдыкөлді сақтап қалуды сұрап, наразылық акциясын өткізді. Енді кіші Талдыкөлдің су көлемін сақтап, толықтырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.   [caption id="attachment_182795" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: vlast.kz[/caption] Кіші Талдыкөлдегі (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) суқоймасы абаттандырылады. Жағалауына тас төсейді. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйе, су айдынын аэрациялау жоспарда бар. Айналасы саябақ болады. Үлкен Талдыкөлде табиғи парк ашылады. Жобаны жүзеге асыруда жергілікті халықтың талап-тілегі ескеріледі.

Былтыр әкім Талдыкөлдің балығы жеуге жарамсыз екенін айтқан еді.