Қара шай мен кофе зиян: қандай сусын коронавирустан кейін имунитетті көтереді
Қара шай мен кофе зиян: қандай сусын коронавирустан кейін имунитетті көтереді
©tengrinews.kz
602
оқылды

Ресейлік дәрігерлер коронавируспен ауырғандарға қара шай мен кофе ішпеу керегін айтып отыр. Олардың анықтауынша, бұл сусындар денсаулыққа зиян. Әсіресе, ковидтан жазылғаннан кейін де шай мен кофеден бас тартқан дұрыс. Өйткені иммунитетті көтерудің орнына, ағзаны одан әрмен әлсіретіп жібереді екен.

– Коронавируспен ауырған кезде ішілетін негізгі сусын – су. Соның арқасында ағзаның қалыпқа келуі де тез іске асады. Ал бойына күш жинап, иммунитетті көтеру үшін мүкжидек немесе шырғанақтан морс дайындап, жылы күйде ішкен пайдалы. Қатты қайнатудың да қажеті жоқ. Арасына құлпынайды да қосып жіберуге болады. Бастысы, қантты көп қоспаған жөн. Оның орнын бір-екі тілім алмамен алмастырса болады, – дейді диетолог-дәрігер Анжелика Дюваль. Оның айтуынша, қара шай және кофемен қатар газдалған сусындарды, шырындарды да ішуге болмайды.