«Дикий Арманның» қарулы адамдары 24 тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған
«Дикий Арманның» қарулы адамдары 24 тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған
197
оқылды

Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қарулы адамдары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған, – деп жазады tengrinews.kz.

Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаровтың айтуынша, 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, құрықталған 21 адам бұрын кісі өлтіру, ұрлық, тонау бойынша істі болған.
«Олардың арасында «Дикий Арман» (Арман Жұмагелдиев – ред.) мен оның қылмыстық тобының адамдары да бар. Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан. Бір адам қаза тапты. Қарақшылар бұған дейін 12-қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен», – деді Ризабек Ожаров.
Факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Арман Жұмагелдиев ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.