Отырыстың күн тәртібі бекіді
Отырыстың күн тәртібі бекіді
177
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылдың 10 ақпанында өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекі­тілді. Соған сәйкес, алдағы отырыста Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның ант беруі және оны Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайлау туралы мәселелер қаралады. Сонымен қатар Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Бұл құжат аталған екі ел үкіметтерінің автоматты ақпарат алмасу үшін тиімді инфра­құрылымды пайдалана отырып, салық салу мәсе­лелерінде өзара жәрдемдесуі арқылы халықаралық салық тәртібін жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.