Санда да, санатта да жоқ
Санда да,  санатта да жоқ
201
оқылды
Білім және ғылым министрлігі жүр­гіз­ген тексеру кезінде университеттерде сабаққа бармастан студент ретінде тіркелген 10 мыңға жуық азамат анықталып, олар оқудан шығарыл­ды. Бір қызығы, жоғары оқу орнында олардың құжаттары болмаған. Бұл тура­лы министр Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Ведомство басшысының мәліметінше, өткен жылы білім сапасы төмен 15 жоғары оқу орны жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ білім беру сапасы нашар 65 университет пен 30 колледждің лицензиялары кері қайтарылды. 100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орнына ауыстырылды.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ