«Емшімін» деп 500 мың теңгенің алтын бұйымдарын алған алаяқ ұсталды
«Емшімін» деп 500 мың теңгенің алтын бұйымдарын алған алаяқ ұсталды
Фото: yandex.kz
179
оқылды

Қызылорда облысында «емшімін» деп ауыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Бейтаныс әйел оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп сеніміне кірген. Сөйтіп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алып, ізім-ғайым жоқ болған. Шығын көлемі – 500 мың теңге.

Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті қолға түсті. Қарағанды облысының тұрғыны екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.