Көмір жағып, қиналып отырған тұрғындарға көгілдір газ кіргізіп берді
Көмір жағып, қиналып отырған тұрғындарға көгілдір газ кіргізіп берді
Фото: volynnews.com
399
оқылды
Түркістан облысының «Nur Otan» партиясы Қазығұрт, Жетісай және Мақтарал аудандары филиалының қоғамдық қабылдауына С.Рахимов ауылының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар М.Тұрдалиев, Ж.Ералиев, Арай ауылдық округінің тұрғыны Майра Тасимова және Жаңажол ауылдық округі, Фирдоуси елдімекені тұрғындары Абдрахим Мираманов пен Абдусамат Ғафуров көмір жағып отырудың қиындығын айтып, үйлеріне көгілдір газ кіргізіп беруге көмек сұрап келді. "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында, қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініші бойынша аудандық мәслихат депутаттары Суннат Кахраманұлы, Ертуған Қостайұлы және Ғазиза Әлібекқызы жергілікті, «ҚазТрансГаз» Аймақ АҚ, Түркістан өндірістік филиалы, басшылығымен хабарласып, газ кіргізіп беруге көмек көрсететінін  жеткізген. Өтініш білдірген азаматтардың үйіне га кіргізіп, көшелерге  газ тартып берілді. Қуанған ауыл тұрғындары видео арқылы өз алғыстарын жолдады.