Алматыда екі жерден оқ-дәрі табылды
Алматыда екі жерден оқ-дәрі табылды
248
оқылды
Алматының Медеу ауданында Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 патроны табылды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
«Екінші қойма Алатау ауданындағы шөлейттен табылды. Құлаған ағаштың тамырына "Макаров" тапаншасының 40 патрондары салынған полиэтилен пакеті жасырылған. Табылған оқ-дәрілер осы жылдың қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде», – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.