Қазақстандық байлар зәулім сарайлары мен коттедждерін жаппай сатып жатыр
©exk.kz
Бүгінде, жылжымайтын мүлік нарығында миллиард теңгеден қымбат үй лердің сатылымға шығуы көбейген. «Крыша» -ның өзінде 150-ден астам хабарландыру жарияланған. Риелторлар да бұл ақпаратты растап отыр. Олар бірауыздан «қаңтар айының басыннан бастап, ұсыныс сұраныстан едәуір асып түсті» деді.
Мәселен, ең қымбат сарай Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданында орналасқан. Үш қабатты сарай он бөлмеден тұрады. Жалпы ауданы – 1200 шаршы метр. Іші алтынмен жалатылған сарайдың тағы 30 сотық жері бар екен. Бассейнді де ұмытпаған жөн. Мұндай зәулім үй 2,6 миллиард теңгеге бағалануда.
[caption id="attachment_182991" align="alignnone" width="1200"] ©exk.kz[/caption]
Екінші орын – Алматы қаласының таулы аймағында орналасқан сарайға берілген. 100 сотық жердің айналасы қарағайға толы, ағаш үй дәл орманның ортасында тұрғандай. Бір сөзбен айтсақ, «Властелин колец» фильміндегі эльфтер әлеміне ұқсайтын мекен. Алматылықтар бұл жерді «Каменское плато» деп те атайды. Ертегі әлемін 2,5 миллиард теңгеге сатып алуға болады.
[caption id="attachment_182994" align="alignnone" width="1200"] ©exk.kz[/caption]
Көрші ауданда осыған ұқсас тағы бір үй бар. Сарай 2 млрд 252 млн теңгеге бағаланған. Өкінішке қарай, өрнектеліп әсемделген үйдің ауданы кішкентай. Бар-жоғы – 500 шаршы метр. Алайда айналадағы 40 сотық таулы аймақ үйдің иелігіне кіреді. Мазаны алатын көрші-қолан да, көліктен тынышталмайтын үлкен жолдар да жоқ.
[caption id="attachment_182995" align="alignnone" width="1224"] ©exk.kz[/caption]
Ал тау маңындағы үйлердің жалпы бағасы – 2-2,2 млрд теңге. Әсіресе, Медеу мен Бостандық ауданында осындай сарайлар көп. Бірақ бәрінің бірдей айналасында жері үлкен болмайды. Мысалы, 8 сотық қана жері бар үй 1,7 млрд теңгеге сатылымда тұр. Осындай бағамен Алматының орталығында да пәтер табу мүмкін. Мәселен, аумағы 730 шаршы метрлі 12 бөлмелі пәтер алуға болады. Зәулім үйдің алдынан Республика сарайын көруге болады.
[caption id="attachment_182997" align="alignnone" width="1056"] krisha.kz[/caption]