Жолдың жиегінде қозғалмай жатқан 5 адам жұртты шошытты
Жолдың жиегінде қозғалмай жатқан 5 адам жұртты шошытты
© inbusiness.kz
300
оқылды
Видеода көлік апатынан зардап шеккен жолаушылардың жол бойында қозғалмай жатқаны байқалады, – деп хабарлайды Экспресс К.
Жол апаты ақпан айының 5-і күні Астрахань-Атырау-Ақтөбе халықаралық тасжолында болған. Мақат ауылына бұрылар тұста "Газель" маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысады. Бейнежазбада бес адамның жол бойында жатқанын байқауға болады. Абырой болғанда жол апатынан адам шығыны жоқ. Бәрі аман қалған. Бірақ ауыр жарақат алыпты. Аталған жайтқа байланысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.