Елордалық тұрғын 130 миллион теңгенің биткоиндарын ұрлаған
Елордалық тұрғын 130 миллион теңгенің биткоиндарын ұрлаған
Фото: gagadget.com
222
оқылды
Елорда тұрғыны криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, 37 жастағы ер адам алаяқтық жолмен бөтен біреудің биткоин әмиянына кіріп, үш ай бойы биткоин жымқырып келген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамаулы және қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы үш жылда криптовалютамен және онлайн-биржадағы табыспен байланысты алаяқтық 10 есеге артты. Бұл ретте залал сомасы жүздеген миллион теңгемен есептелуде.