Таразда бір аптада 15 қару мен 1000-ға жуық патрон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған қару-жарақты іздеп жатыр.
Қараусыз қалған нысандар, үйлердің жертөлесі мен шатырын тексеріп жатыр. Қаруды қолды еткендер ұрланған қару-жарақты тіпті зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеуге атсалысып жатыр. Иттер полицейлерге қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі.
Бір аптада 15 қару табылды. Үш Калашников автоматы, 6 аңшы мылтығы, 3 Макаров тапаншасы, 3 травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрон табылды. Қару-жарақтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.