Қосшы қаласында сот құрылды
Қосшы қаласында сот құрылды
Фото: liter.kz
184
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Қосшы қаласында сот құру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын. Мерзадинова Динара осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып,  Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Қосшы сотының судьялары болып тағайындалсын» делінген Жарлықта.

Халқы тығыз орналасқан Қосшы ауылы Президент Жарлығымен қала мәртебесіне ие болған еді.