«Қазақстан халқынан» той өткізуге ақша сұрағандар да бар
«Қазақстан халқынан» той өткізуге ақша сұрағандар да бар
Фото: newsroom.kz
638
оқылды

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен ел арасында көмекке зәру азаматтардың проблемасын шешу үшін құрылған «Қазақстан халқына» қорының Qazaqstanhalqyna.kz сайты жұмыс істеп тұр.

Осы кезге дейін «Қазақстан халқына» қорына 13 мыңнан астам өтініш түскен. Қорға 115 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды. Қорға үй, көлік сатып алу, несие, қарыз төлеу, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік шараларға қаражат сұраған өтініштер де түсіп жатыр. Қордың қызметі сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және спорт және білім беру инфрақұрылымы, сондай-ақ балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, қор кембағал бала бағып отырған және аз қамтылған отбасындағы балаларға көмек көрсетеді.
Тізімге Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету кіреді.
«Бұл қызмет бағыттарын қамқоршылық кеңес бекітті, ал басқа салалар қор қызметіндегі басым бағыттарға жатпайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелердің барлығын қор шеше алмайды. Сондықтан тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз», – деді қордың өкілі Әлібек Әбділов.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қаржы аударған бай-бағландар туралы жазған болатынбыз.