Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Шигео Катсудың айтуынша, университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған.
Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев университетіне баруға ниетті екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.