Алматының шетінде қой бағып жүрген шопан қару-жарақ жасырылған жерді тауып алды
Алматының шетінде қой бағып жүрген шопан қару-жарақ жасырылған жерді тауып алды
Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрі салынған жерді тапты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Алматының Алатау ауданы полицейлері әскери оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен бірнеше ондаған патронды тәркіледі.
"Біздің бөлімшеге У. есімді азамат хабарласты және «Дархан» ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, «Беретта» травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, «Макаров» тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген. Қойманың ішінен табылғандардың меншік құқығы мен шығу тегі одан әрі тексеру барысында анықталады. Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады", – деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.