Алматы қалалық соты танымал вайнерлердің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Алматы қалалық соты танымал вайнерлердің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
© inform.kz
221
оқылды
Алматы қалалық соты танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғанын растады. Соттың мәліметінше, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты үш миллион теңге кепілмен босатып, ал Азизжан Саидбаевқа қатысты «сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты» қанағаттандырды, – деп хабарлады соттан.
orda.kz мәліметінше, Азизжан Саидбаев қашып кеткен. Дереккөздің хабарлауынша,  вайнер болжам бойынша Өзбекстанда жасырынған. Прокуратурадағы дереккөз жақын арада оған іздеу жарияланатынын хабарлады. Бұған дейін танымал 3 вайнердің ұсталғанын жазған болатынбыз.