Көкшетауда бір жастан асқан бала сыдырма жүгіртпесін жұтып қойды
Көкшетауда бір жастан асқан бала сыдырма жүгіртпесін жұтып қойды
188
оқылды

Көкшетауда бір жарым жастағы бала сыдырма жүгіртпесін жұтып қойып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының көпбейінді балалар ауруханасынан хабарлады. Ауруханада жедел әрекет еткен ақ халаттылар баланың денесіне еш тілік салмастан, жүгіртпені эндоскопия жолымен алыпты.
«Жүгіртпені алу отасын бірінші санатты дәрігер-эндоскопшы Елена Пермитина жүргізді.Ота сәтті жасалды», – дейді Ақмола облысының көпбейінді балалар ауруханасынан.
Қазіргі сәтте баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлер оның денсаулығы тұрақты деп бағалады.

Ақмола облысы