Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізуде. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.