Із-түзсіз жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған
Із-түзсіз жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған
Фото: twitter.com
131
оқылды

Түркістан облысы Ленгер қаласында ұлы жоғалған әйел полициядан көмек сұрады. Жоғалған жігіттің 75 миллион теңге қарызы болған. Ол таныстарынан алған ақшаны құмар ойынға жұмсаған.

Ленгер қаласының тұрғыны 30 жастағы ұлы 4 тәуліктен бері із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабарласқан. Төлеби АПБ қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, жоғалған ер адамды Алматы қаласында жүрген жерінен тапты. Ол таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Қарызды қайтара алмаған соң, Алматы қаласына қашып кеткен.

Бұған дейін банк қызметкері клиенттердің атынан кредит алып, құмар ойынға жұмсағанын хабарлаған болатынбыз.