Тарихи оқиғаларды баяндайтын алғашқы комикс кітаптың тұсауы кесілді
Тарихи оқиғаларды баяндайтын алғашқы комикс кітаптың тұсауы кесілді
702
оқылды

Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс кітаптың тұсауы кесілді.

Іс-шара Жамбыл атындағы балалар мен жасөспрімдер кітапханасында өтті. Жаңа жинақтың ерекшелігі ол қазақстандық жас суретшілердің жақында өткен иллюстрация байқауында үздік деп танылған жұмыстармен толыққан.    width= Қазақстан тарихын оқырмандар үшін тың комикс форматында басып шығарудың бастамашысы BAURZHAN foundation қайырымдылық қоры. Кітап KHAN Comics арт-студиясымен бірігіп дайындалған. Кітапты шығарушылардың айтуынша 5000 данамен шыққан жинақ Қазақстанның кітапханаларына, балалар үйлеріне, жалпы білім беретін мектептерге тегін таратылады. Жинаққа барлығы 70 үздік иллюстрация енгізілді, ол жерде оқырманға ел үшін маңызды мәдени, спорттық және саяси оқиғалар туралы комикс тілімен баяндалады. Ерекше кітаптың кейіпкерлері ұлттық валютаның алғашқы нұсқасы, Қазақстанның осы күнге дейінгі Олимпиада ойындарындағы жетістігі, әлемдік аренада танылған отандық өнер иелері, спортшыларымен таныса алады. Олардың ішінде Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген сынды танымал азаматтар да бар.    width=
«Комикстер маңызды тақырыптарды қамтыған. Бұл жанрдың жас буын арасында үлкен аудиториясы бар және жыл сайын олардың қатары артып келеді. Жобаның мақсаты тек ағартушылық қызмет қана емес, бірінші кезекте, қазақстандық жас суретші-иллюстраторларды қолдап, олардың шығармашылығын насихаттау болып табылады», – деді жобаның үйлестірушiлердің бірі Саида Ибрагимова.
Аталған басылымға дүниелері енген суретшінің бірi – Рауан Сайлаубаев. Ол Түркістан қаласының тарихымен оның қазіргі Қазақстан өміріндегі рөлі туралы туындыларын ұсынған.

Алматы