Шымкент полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видеоны жариялады
Шымкент полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видеоны жариялады
296
оқылды
Шымкент полиция департаменті қаңтар оқиғасына қатысты видео жариялады. Полицейлердің мәліметінше, 4 қаңтарда Шымкент қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерді пайдаланып, әкімдік ғимараты мен қала алаңдарында санкцияланбаған акциялар өткізу туралы жариялаған. Видеодан бейбіт митингінің соңы жаппай бұзақылыққа ұласқаны байқалады. https://www.youtube.com/watch?v=DYnEeJsM5OI Наразылық білдірушілер қала әкімдігіне келіп, полицейлерге мақсатты түрде шабуыл жасай бастаған. Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты бүлінген. Есіктерін сындырып, компьютерлерді ұрлап кеткен. Бүлікшілер Нұрсат шағынауданында орналасқан «Метро» сауда үйінің есік-терезесін таспен сындырып, ішіндегі банкоматты алып шығып, жүк көлікке салып ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері бүлікшілердің көпшілігі мас күйде болғанын айтты. 6 қаңтарда әкімшілік ғимараттар, қару-жарақ дүкендері, банк филиалдары, банкоматтарға күзет қойылған. Сол күні полицияға 3520 адам жеткізілген.